Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі он екінші қарсыласын жеңді

Бірде-бір рет жеңілмеген қазастандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) өзінің кәсіпқой рингтегі он екінші кездесуін өткізді, передает RegTV.kz со ссылкой на Sputniknews.

Спортшы Ресейдің Челябинск қаласында Сергей Ковалев пен Энтони Ярдтың андеркардында өнер көрсетті. Олар WBO тұжырымдамасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекке шыққан болатын. Ковалев қарсыласын нокаутпен жеңіп, белбеуін қорғады, деп хабарлайды Sports.kz.

Ал Нұрсұлтанов ресейлік боксшы Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) кездесу өткізді. Он раундқа жоспарланған орта салмақтағы жекпе-жекте жерлесіміз басым түсті. Төрешілер бірауыздан Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетті деп шешті.

Бұл — қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі он екінші жеңісі, бірде-бір рет жеңілмеген. Ал ресейлік спортшы осымен екінші рет ұтылып отыр.

Источник: toppress.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *